Үздік сынып жетекші-2020

Үздік сынып жетекші-2020

         Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің беделін арттыру, жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру сонымен қатар шығармашылықпен айналысатын жаңашыл сынып жетекшілерді анықтау мақсатында Талдықорған қаласындағы №9 орта мектептің базасында «Үздік сынып жетекші-2020» байқауы өткізілді. 

Байқау қорытындысы бойынша Алакөл ауданы, Үшарал орта мектебінің сынып жетекшісі А. Ахметова бірінші орынды иеленді.