«Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы-2020» байқауы

«Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы-2020» байқауы

Алматы облысы білім басқармасы  2020 жылдың 29 қыркүйегінде облыс Әкімінің қолдауымен колледж ұжымының инновациялық, шығармашылық қызметін айқындау және қолдау көрсету мақсатында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы-2020» байқауын онлайн режимінде өткізді.  Облыстық кезеңге 9 колледж қатысты. 1-турда  білім беру ұйымдары ережеге сәйкес берілген өлшемшарттар бойынша мекеме жетістіктерінің электронды портфолиосын  ұсынса, 2-турда   колледж моделі мен оның жұмыс нәтижесіне тоқталды. Байқаудың қорытындысы бойынша шығармашылықпен жұмыс істейтін жоғары көрсеткіші бар колледж ұжымдары анықталып, төмендегідей жүлделі орындарды иеленді:

1-орын – Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі;

2-орын -  Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі;

3-орын – Талғар медициналық колледжі.

Сонымен қатар Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі -  «Инновация шебері», Шонжы политехникалық колледжі – «Жаңашыл колледж», І.Жансүгіров атындағы колледжі – «Жетістік жолында» номинациялары бойынша иегер атанды.