
2020 жылдың 23-24 қыркүйегінде қашықтықтан "Ақ шағала" республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы өтті. Алматы облысының Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының өнер мектебінің Нажатова Балауса Бақытжанқызы жетекшілік ететін "Ақ бота" би тобы "Бидің ұлттық дәстүрін сақтағаны және дамытқаны үшін" номинациясымен марапатталды.