
2020 жылдың 22 қыркүйегінде «Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты жоспарлау» тақырыбында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Жекебазарова химия, биология пәндерінің ассоциация мүшелеріне, аудандық/қалалық оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлеріне және пән бірлестік жетекшілеріне арналған вебинар өткізді.
Аталған шарада Панфилов ауданы, Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Б.Байбураева және Кеген ауданы, С.Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі М.Әлдибек қашықтықтан сабақты жоспарлаудың тиімді жолдарын ұсынды. Қаратал ауданы К.Тоқаев атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі К.Молдағожаева қашықтықтан оқыту жағдайында бейне сабақты жоспарлау мүмкіндіктері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Вебинарға 58 педагог қатысты.