
Дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәжірибесін тарату мақсатында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасын әзірледі. Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Қапшағай қаласының Орта мектеп-гимназиясы жоба аясында бекітілген магниттік мектептермен (Кеген ауданының №3 Кеген орта мектеп лицейі, C.Серкебаев атындағы орта мектеп гимназиясы, Ө.Жаңабаев атындағы орта мектебі) онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында Орта мектеп-гимназиясына тіркелген мектептерінің қажеттіліктері негізінде құрылған жұмыс жоспарына талқылау жүргізілді.