
2020 жылдың 28 қыркүйегінде онлайн-режимде «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталады. Алматы облысы білім басқармасының ғылыми-тәжірибелік орталығы Талдықорған қаласы, К.Ушинский атындағы №7 орта мектебінің «Жетісу Тарландары» әскери-патриоттық клубының командасын дайындады.
Жиын бағдарламасы бойынша әскери-қолданбалы спорт түрлері мен жауынгерлік даярлық бойынша жарыстар, әскерилендірілген ойындар, зияткерлік конкурстар өтеді. Клуб жетекшісі Дастан Серікбайұлы Дүйсембеков әскери-қолданбалы спорт түрлері, жарыстарға дене дайындығы бойынша жаттығулар өткізілуде.