
Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығының электронды оқыту жүйесін енгізу және білім сапасын бағалау бөлімі 2020 жылдың 21 қыркүйек күні Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ аудандары мектептерінің ақпараттандыруға жауапты мамандарына ZOOM платформасында вебинар өткізді. Вебинарда «Күнделік» электронды жүйесіндегі жаңартулар туралы және толтыру барысында туындаған сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар, Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру бойынша сұрақтар қарастырылды.