Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының қорытындысы

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының қорытындысы

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірибелік орталығы 2020 жылдың 14-16 қыркүйек күндері аралығында «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру)» республикалық жарысына Алматы облысынан үміткерлердің онлайн режимде қатысуын ұйымдастырды.  Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының Талғар ауданы, "Алатау кентіндегі облыстық жас техниктер станциясының" оқушылары Евстифеев Наиль «Зымыран модельдерінің S6А – стример» номинациясы бойынша жүлделі І-ші орынға және  Сыровацкий Арсений «Зымыран модельдерінің S9А – ротошют» номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болып, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.