Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты жоспарлау

Қашықтықтан  оқыту  жағдайында сабақты жоспарлау

2020 жылдың 18 қыркүйегінде  «Қашықтықтан  оқыту  жағдайында сабақты жоспарлау» тақырыбында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ғ.Дихамбаев  география  пәні ассоциация мүшелері және  әдіскерлеріне арналған вебинар өткізді.

Вебинарда Текелі қаласы №1 орта мектебінің география пәні мұғалімі Б.Молбаев «Қашықтықтан оқыту жағдайында география сабақтарын жоспарлау ерекшеліктері» таныстырылым жасап,  Қарғалы №2 ДБАГ география пәні мұғалімі Ж.Утегенова «Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы   сабаққа қойылатын талаптардың жүзеге асуы» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Кеген ауданы, Тұйық орта мектебінің география пәні мұғалімі  А.Шораева  штаттық режимде оқытуды ұйымдастыруда қысқа мерзімді сабақты жоспарлаудың ерекшелігіне тоқталды. Вебинарға 45 педагог қатысты.