
Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірибелік орталығы 2020 жылдың 18 қыркүйек күні «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық қашықтықтан байқауының өткізу ережелері және өткізу тәртібімен таныстыру мақсатында Zoom платформасында онлайн вебинар ұйымдастырды. Вебинарға информатика пәні мұғалімдері, робототехника үйірме жетекшілері және қосымша білім беру педагогтары қатысты. Жалпы қатысушылар саны 100 адам.