«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің қорытындысы

«Қазақстан балалары  шексіз  әлемде!»  балалар  киносының  республикалық  фестивалінің қорытындысы

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірибелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» облыстық қашықтықтан балалар киносы фестивалінің жеңімпаздары 2020  жылғы  10  қыркүйекте  қашықтық  форматында ұйымдастырылып өткізілген «Қазақстан балалары  шексіз  әлемде!»  балалар  киносының  республикалық  фестивалінде жүлделі І және  ІІІ орынға ие болды.

Фестиваль 9 номинация бойынша өткізілді:

1)  деректі  (ойынды  емес)  кино;

2)  ойынды  кино;

3)  STOP-MOTION-видео;

4)  әлеуметтік  жарнама,  әлеуметтік  ролик;

5)  анимация;

6)  видео-арт;

7)  киножурнал;

8) музыкалық фильм;

9) ең үздік операторлық жұмыс.

«STOP-MOTION-видео» номинациясы бойынша:

І орын: Серік Айназ, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы, 7 сынып оқушысы.

«Киножурнал» номинациясы бойынша:

3 орын: Кадырханова Мадина, Алматы облысы,  Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,  №1 орта мектеп, 10 сынып оқушысы.

Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен, ал жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға фестивальға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.