Меню

Страницы

Статья

Орта білім

Жалпы білім беру ұйымдары арасында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, оның дамытылуын сараптап, жоспарлайды, барлық деңгейдегі үздіксіз жалпы білім беруді қамтамасыз етеді, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырады, мемлекеттік стандарттың орындалуын бақылайды, сондай-ақ жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізеді, карантин жағдайындағы мектептер жұмысына бақылау жүргізеді, педагогтарға арналған семинарлар, вебинар өткізеді, білім беру үдерісіне озық педагогикалық тәжірибе мен инновациялық технологияларды енгізу,  орта білім беру жүйесін цифрландыру және ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Қызмет

  1. аймақтағы орта білімнің жағдайын анықтайды;
  2. орта білім беруді дамыту бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ережелерді, басқару шешімдері, алқа шешімдерінің жобасы, іс-шаралар жоспарлары әзірлеуге қатысады, мәліметтерді жинайды және талдайды, мониторинг жүргізу арқылы құжаттардың орындалуын жүзеге асырады, білім беру ұйымдарына көшпелі сапарлар арқылы нақты көмек көрсетеді;
  3. облыстық білім беру ұйымдарының оқу жоспарын қарастырады және басқарма басшысының бекітуіне ұсынады;
  4. білім беру мазмұнының мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкестігін бақылайды, жаңа технологиялық оқыту процесін жаңартуға ұмтылады;
  5. жалпы білім беретін мектептердің қызметін бағалау жүйесін құрайды, білім беру ұйымын аттестаттаудан өткізуге практикалық көмек көрсетеді;
  6. білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында облыстық семинар-практикумдар, сонымен қатар оқушылар арасында байқаулар, шығармашылық көрмелер, әдеби оқулар өткізеді;
  7. 7. «Өрлеу» АҚ, Педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірге озық педагогикалық тәжірибелерді талдайды, талқылайды және таратады;
  8. орта мектептер мұғалімдерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша әдістемелік көмек көрсету;
  9. мектепке қабылдау және мектептен шығару бойынша жұмысты, мектеп түлектерінің ҰБТ қатысуын үйлестіреді, түлектердің жұмысқа орналасуын қадағалайды;
  10. білім беру ұйымдарында жалпы және арнайы пәндердің жүргізілуіне жетекшілік етеді;
  11. орта білім беру ұйымдарында оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын бақылайды, ажет болған жағдайда оқушылардың білім сапасын бақылайды және талдайды;
  12. оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізеді;
  13. карантиндік шаралар кезінде оқушылар біліміндегі олқылықтарды жою бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізеді.

 

Дата публикации
13 декабря 2019
Дата обновления
13 декабря 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 марта 2024
Байкент ауылы, Ворошиловское су қоймасы бөгетінің бұзылғаны туралы
Ақпарат
04 марта 2024
Алматы облысының жедел штабынан маңызды хабарлама!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Біз әлеуметтік жүйеде

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы