Об утверждении Типовых правил организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях образования

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес Алматы облысының білім басқармасы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» Қамқоршылық кеңес құрамынан 1 мүшесінің шығуына байланысты, кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде Қамқоршылық кеңес құрамына өзгерістер енгізіледі.

Қамқоршылық кеңестің құрамына жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса) енгізіледі.

Осыған байланысты жоғарыда аталған ұйымның Қамқоршылық кеңестің құрамына енгізу туралы жазбаша ұсыныстарды 2020 жылғы 12 желтоқсанға дейін мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық ресурстар порталына жіберуді сұраймыз. 

Алматы облысының білім басқармасы

 

Дата публикации
30 ноября 2020