Хабарландыру КОНКУРС «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды.

Хабарландыру

КОНКУРС

 

 «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды.

Пошталық мекен – жайы: индекс: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 шағын аудан, 45 ғимарат , 1 қабат, кадр бөлімі, анықтама телефоны: 8(72772) 2-31-92.  Электрондық пошта: apparatalm.obl@mail.ru      БСН: 020140001936

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ ауданының «№8 облыстық психологиялық-медициналық-педагогиктік консультациясы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;

  Мекен-жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Іле көшесі, 12 үй.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданының «№3  психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;

  Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Дарбай Бөгенбай көшесі, №1А үй.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады.

Конкурсты өткізу күні мен орны:

Конкурс Алматы облысы, Қонаев қаласы, орта мектеп-гимназиясы, 1 ш/а, №45 үй мекен-жайы бойынша өтеді. 

Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96  бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  құжаттар тізбесі:

  • Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №35900 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) түйіндеме;
12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

Арнайы білім беру ұйымының басшысы (меңгерушісі) (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар) лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: «Арнайы білім» («Дефектология») бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;

      және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;

осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Арнайы білім беру ұйымы басшысының (меңгерушісі) (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар) лауазымдық міндеттері: арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;

      білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, түзету-дамыту және жеке бағдарламаларды бекітеді;

      педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;

      педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;

      білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

      білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағдай жасайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қатысады;

      білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультация береді;

      әдістемелік жұмысты басқарады;

      құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықпен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді;

      бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық арасында, педагог қызметкерлер арасында педагогтерді, медициналық және басқа да қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда дефектологиялық білімді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      педагогтар мен мамандардың сапалы жұмысын қамтамасыз етеді;

      ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;

      өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;

      барлық органдарда арнаулы білім беру ұйымының мүддесін білдіреді;

     компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды меңгерген;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

      педагог кадрларды және қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;

       педагогикалық кеңесті басқарады;

      жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады.

Лауазымдық айлықақы мөлшері: Арнайы білім беру ұйымы басшысының лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 1 (ПМПК №6)  188 200 теңгеден 214 200 теңгеге дейін.

Байқаушының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Тәуелсіз сарапшылар ретінде мемлекеттік немесе азаматтық қызметші болып табылмайтын тұлға қатысады.

 

Хабарландыру КОНКУРС «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды.
Дата публикации
06 августа 2025