Хабарландыру КОНКУРС «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды

Хабарландыру

КОНКУРС

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды.

Пошталық мекен – жайы: индекс: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 шағын аудан, 45 ғимарат, 1 қабат, кадр бөлімі, анықтама телефоны: 8(72772) 2-31-92.  Электрондық пошта: apparatalm.obl@mail.ru      БСН: 020140001936

  1. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Санджар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры.

Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Қайназар батыр №34.

  1. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Көлсай кәсіптік-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры.

Мекен-жайы: Алматы облысы, Кеген  ауданы, Жалағаш ауылы, И.Жендеев көшесі №3.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады.

Конкурс өткізу орны және күні:

Конкурс Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 ы/а №45 үй мекен-жайы бойынша өтеді. Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  құжаттар тізбесі:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
    3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
    4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
    7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
    8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
    9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
    10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
    11) түйіндеме;
    12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

Білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы (мекеме) басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;

          оқу орнының кадрлар даярлау бейініне сәйкес келетін бір немесе бірнеше біліктілік бойынша орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріндегі басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

          бейіні бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы (басшының орынбасары) лауазымында кемінде 2 жыл өтілі бар;

            педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде);

          немесе "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

           Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.

          Оқу жұмы сжоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді.

            Білім беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

            Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

           Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

          Жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді.

          Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

          Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастырады.

          Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.

           Білім беру ұйымының оқыту қызметінің саласын дұрысұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді.

           Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзегеасырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

          Үздіксіз кәсіптік оқыту жөнінде білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.

          Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнынбасушы адамдармен) жүргізілетін жұмысты үйлестіреді.

          Жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді.

          Әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзегеасырады.

          Уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жылсайынғы есепті ұсынады.

          Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек етугежағдайжасайды.

          Біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

           Білуге міндетті:

           Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

          педагогика және психология негіздерін,

           қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;

          басқарудың инновациялық әдістерін;

          экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық мәселелерін;

          еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.

Лауазымдық айлық ақы мөлшері:

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының басшысының лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 1 жылдан 10 жылға дейін – 244 003 теңге, 10 жылдан жоғары – 265 295 теңге.

Байқаушының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Тәуелсіз сарапшылар ретінде мемлекеттік немесе азаматтық қызметші болып табылмайтын тұлға қатысады.

 

 

Хабарландыру КОНКУРС «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды
Дата публикации
15 июля 2025