Хабарландыру КОНКУРС «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды.

Хабарландыру

КОНКУРС

 

         «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды.

   Пошталық мекен – жайы: индекс: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 шағын аудан, 45 ғимарат, 1 қабат, кадр бөлімі, анықтама телефоны: 8(72772) 2-31-92. Электрондық пошта: apparatalm.obl@mail.ru БСН: 020140001936

  1. "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ақкөл ауылдық округіне қарасты Көкжиде елді мекеніндегі "Балдырған" балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Көкжиде ауылы,  Мектеп  көшесі       № 1А.

  1. Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Бақбақты ауылындағы «Арман» балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақбақты ауылы, Р.Дүйсенбайұлы көшесі, №31.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Кеген ауданы, Жылысай ауылы,    Қ. Ізбасарұлы №8.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Райымбек ауылындағы Нұр-ай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі;

Мекен-жайы: Қарасай ауданы, Райымбек ауылы, Байтұрсынов көшесі №13Б.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің "Қаскелең қаласы «Алтын ауыл» ықшам ауданындағы «Жанерке» балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

Мекен-жайы: Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Алтын ауыл ықшам ауданы №10

  1. Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қасымбек ауылы, Бәйтерек көшесі, №28Б үй.

  1. Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балбөбек» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Беріктас ауылы, Кармысов көшесі №4 үй

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы» мемлекттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылы, Акимжанов көшесі, №6 үй.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айгөлек бөбекжай балалар бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны меңгерушісі;

Мекен-жайы: Райымбек ауданы,  Ұзақ ауылы,  Сарбастау көшесі, №40.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Санаторлық №5 «Айналайын» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Матросов көшесі №5

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№8 балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Асфандиярова көшесі №20.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бәйтерек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шарын ауылы, Жібек жолы, №10.

  1. "Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нұрлы болашақ балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын басшысы;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Бахар ауылы, И.Бахтия, №16.

  1. "Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Рауан» балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын меңгерушісі;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Асысаға ауылы, Ушбаев, №3А.

  1. "Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Балдәурен бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын меңгерушісі;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қызылшарық ауылы, Максутова көшесі 12/2.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады.

Конкурсты өткізу күні мен орны:

Конкурс Алматы облысы, Қонаев қаласы, орта мектеп-гимназиясы, 1 ш/а, №45г үй мекен-жайы бойынша өтеді.

Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.

   Конкурсқа қатысу үшін қажетті  құжаттар тізбесі:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
    3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
    4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
    7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
    8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
    9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
    10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
    11) түйіндеме;
    12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

       Білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

        Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін:       

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;

      немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

      осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының басшысының лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады;

         педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

      педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;

       "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) бұйрығына сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

       ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;

      ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;

      тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;

      әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді;

      тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

      оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;

      педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;

      педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

      ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Лауазымдық айлықақы мөлшері: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының басшысының лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 184 982 теңгеден 201 334 теңгеге дейін.

Байқаушының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

  Тәуелсіз сарапшылар ретінде мемлекеттік немесе азаматтық қызметші болып табылмайтын тұлға қатысады.

 

 

Хабарландыру КОНКУРС «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды.
Дата публикации
15 июля 2025