Хабарландыру КОНКУРС «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды

Хабарландыру

КОНКУРС

 

 «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды

Пошталық мекен – жайы: индекс: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 шағын аудан, 45 ғимарат , 1 қабат, кадр бөлімі, анықтама телефоны: 8(72772) 2-31-92.  Электрондық пошта: apparatalm.obl@mail.ru      БСН: 020140001936

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 Жамбыл атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Балқаш ауданы,  Балатопар ауылы, А. Достемесұлы көшесі №26.

  1. Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Топар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры;

Мекен-жайы:Балқаш ауданы,Топар ауылы, Бөлтірік көшесі №19.

  1. Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бірлік орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Балқаш ауданы, Бірлік ауылы, Рысқұлов көшесі №19.

  1. Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көкжиде орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Балқаш ауданы, Көкжиде ауылы, Мектеп көшесі №1.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көлді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Еңбекшіқазақ ауданы, Көлді ауылы, Мұратбаев көшесі  №н/ж.

6.«Ақбастау орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;    Мекен-жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақбастау ауылы, Береке к/сі 11.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Екпінді негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Еңбекшіқазақ ауданы, Екпінді ауылы, Набережная көшесі  №14 үй.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «И.Таиров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйсейт ауылы, Абай көшесі №1.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Казатком негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Еңбекшіқазақ ауданы, Казатком ауылы, Ошақбай көшесі №13 .   

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Таутүрген негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Таутүрген ауылы,  Бүркеев к-сі №3 үй .

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы қазақ орта мектебі – мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Кабылова көшесі құрылыс 2.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Масақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Еңбекшіқазақ ауданы, Қ.Ұлтарақов ауылы, Қ.Сатпаев көшесі құрылыс 5А.

13.«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сүйінбай атындағы орта мектебі Үшбұлақ бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылдық округі, Қарақыстақ ауылы, Мендеқұлов көшесі №4.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтерек ауылындағы орта мектебі Жаманты бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылдық округі, Ақтерек  ауылы, Рыскелді көшесі №27 А.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шилібастау бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ ауылдық округі, Шилібастау бекеті, Абай көшесі №1 В.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көкқайнар ауылындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылдық округі, Көкқайнар ауылы, Шығыс көшесі №1

 17.Алматы   облысы білім  басқармасының Талғар ауданы  бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айғаным ауылындағы жайлы мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  директоры;

Мекен-жайы: Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округі, Көктал ауылы, «Айғаным» м/ауданы, С.Ашимбаев көшесі №9.

18.Алматы   облысы білім  басқармасының Талғар ауданы  бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қызылту ауылындағы жайлы мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  директоры;

Мекен-жайы: Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі, Жібек жолы көшесі көшесі №52.

19.«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талды негізгі мектеп және Кеңсу бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Кеген  ауданы, Талды  ауылы,  Рақышұлы  көшесі, №2 үй.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үштерек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Мекен-жайы: Қарасай ауданы, Үштерек ауылы, Берек көшесі, №52.

21.«Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Текес ауылындағы Қазыбек Шорманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры; 

Мекен-жайы: Райымбек ауданы, Текес ауылы,  Дембаев көшесі, № 16.

22.«Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білімбөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көксай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Райымбек ауданы, Көкбел ауылы, Жамбыл көшесі №4.

23.«Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жаңа Текес орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  директоры;

Мекен-жайы: Райымбек ауданы,Жаңа Текес ауылы,  М.Әуезов көшесі № 25.

24.«Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шоқан Уалиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  директоры;

Мекен-жайы: Райымбек ауданы, Тұзкөл  ауылы, Шәкірт көшесі,  № 16.

25.«Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білімбөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «М.Хамраев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Ұйғыр  ауданы, Шарын ауылы, А.Касымов көшесі, №26.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Добын орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Ұйғыр  ауданы, Добын ауылы, Тохтыбакиев көшесі, №14.

 27."Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекесінің "Қалжат орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Ұйғыр  ауданы, Қалжат ауылы, А.Розыбакиев көшесі, №32.

28."Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Мақсатов атындағы Ұзынтам негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Ұйғыр ауданы, Ұзынтам ауылы, Аль Фараби көшесі, №22.

 29."Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ардолайты орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Ұйғыр  ауданы, Ардолайты ауылы, Х.Абдрахманов көшесі, №16 үй.

30.«Алматы облысы білім басқармасының Алатау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№9 орта мектеп»  мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Алатау қаласы, Жаңаарна  ықшам ауданы, Талқанбай көшесі №7.

31.«Алматы облысы білім басқармасының Алатау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№13 орта мектеп»  мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Алатау қаласы, Қоянқұс ықшам ауданы, Шиелі көшесі №61.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Алатау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еңбек ауылындағы жайлы мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Алатау қаласы, Еңбек ықшам ауданы, Уалиханов көшесі.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №21 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Іле ауданы, Көктерек ауылы, Шалкиіз жырау №11А.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т.Бокин атындағы №41 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Іле ауданы, Ақши ауылы, Д.Қонаев көшесі №11.

  1. «Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кешкі (ауысымдық) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Қонаев қаласы, Сейфуллин көшесі №3.

  1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей - интернаты» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Габдуллина 45.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады.

Конкурсты өткізу күні мен орны:

Конкурс Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 мөлтек аудан 45Г мекен-жайы бойынша өтеді.

Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  құжаттар тізбесі:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
  • білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
  • психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
  • наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
  • Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
  • ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес).
  • түйіндеме;
  • біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

Білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

       жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

     жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

      осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

Жалпы білім беру ұйымының басшысының лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.

Педагогикалық кеңесті басқарады.

Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.

Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.

Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.

Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.

Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.

Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.

Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.

Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

Лауазымдық айлықақы мөлшері: Жалпы білім беру ұйымының басшысының лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 104 235 теңгеден 200 653 теңгеге дейін.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және он сегіз жастан асқан байқаушылар шақырылады.

Тәуелсіз сарапшылар ретінде мемлекеттік немесе азаматтық қызметші болып табылмайтын тұлға қатысады.

 

Хабарландыру КОНКУРС «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды
Дата публикации
15 июля 2025