2020 жылғы ІІІ тоқсан бойынша білім беру саласына қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Бүгінгі күні отбасы және балалар, мектепке дейінгі және орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру салаларында  - 34 мемлекеттік қызмет белгіленген.

         Білім  басқармасы, басқармаға қарасты облыстық мекемелер, аудандық, қалалық білім бөлімдерімен  ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында–86 184 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде білім басқармасы мен облыстық мекемелермен- 25 140 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

          2020 жылдың 28 тамыз күні Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің  Алматы облысы  бойынша  департаменті іс-шаралар жоспарына сәйкес Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысын онлайн режиминде өткізді. Отырыстың күн тәртібінде жаңа оқу жылына дайындық бойынша өзекті мәселелер қаралды. Отырысқа орта білім, оқытудың жаңа технологиясы мен инновация бөлімінің басшысы А.Адамбекова қатысып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат берді.

        Ағымдағы жылдың 17 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің  Алматы облысы  бойынша  департаменті мен Райымбек  ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторнигі және ақпараттық технологиялар бөлімі ұйымдастырған «ZOOM» бағдарламасы арқылы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақытылы және сапалы ұйымдастыру» тақырыбында онлайн отырысқа қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы  Ж.Асанова қатысып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету, Өзіне –өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша ақпарат пен ұсыныстар берді.

       

        

          Білім басқармасы мемлекеттік қызметтерді көрсетуде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады және өз құзыреті шегінде облыс жұртшылығына білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.        

        Білім басқармасына қарасты облыстық мекемелер тарапынан  көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты жеке тұлғалардан  арыз-шағымдар түскен жоқ. 

        Бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын табуда.

2020 жылғы ІІІ тоқсан бойынша білім беру саласына қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Дата публикации
07 октября 2020