"Үздік мұғалім" байқауының облыстық кезеңі

Педагог мәртебесін арттыру мақсатында Алматы облысының білім басқармасы 2020 жылғы 13 шілдеде "Үздік педагог" конкурсының облыстық кезеңін өткізді, оған педагогикалық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы білім беретін мекемелерден 21 педагог қатысты. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша республикалық кезеңге қатысуға 5 жеңімпаз жіберілді:
Буланов Мурат Даданбекович-Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М. Арын атындағы № 24 "Экономика және кәсіпкерлік" мамандандырылған лицейінің математика пәнінің мұғалімі;
Амирова Алия Кыдырхановна-Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын № 20 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Герман Людмила Владимировна-Көксу ауданы, М. Құрманов атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі;
Жылжақсынова Гүлмира Жолдасбайқызы-Жамбыл ауданы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы № 2 мамандандырылған гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Байғожина Индира Болатқызы- № 28 Талдықорған АТ-мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 

 

 

Дата публикации
15 июля 2020