"Жетісу дарыны облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Бекітемін

 

Директор_________________А. Башаров

«_______»___________________2020 жыл

 

 

«Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды

анықтау және қолдау  оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

 

  1. Жалпы Ереже
    • «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының осы Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Алматы облысының өңірлерінде дарынды балалармен және талантты жастармен (мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының білім алушыларымен) жұмыс жөніндегі орталық (бұдан әрі-орталық) қызметінің ұйымдастыру - әдістемелік негізін айқындайды.

1.2 Орталықтың қызметі дарынды балалар мен талантты жастарды анықтауға, оқытуға, дамытуға, тәрбиелеуге және әлеуметтендіруге бағытталған.

1.3. Орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені және олардың негізінде әзірленген орталықтың жарғысын басшылыққа алады. Жарғыны орталық әзірлейді.

1.4. Орталықтың қызметі ашықтық, қол жетімділік, гуманизм, тең құқылық, жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдығы, тұлғаның еркін дамуы, балалар мен олардың ата-аналарының құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаттарында құрылады.

1.5. Орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өздері әзірлеген жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ балалар мен жастардың жас ерекшеліктеріне, бейімділігіне, қабілеттеріне, мүдделері мен қажеттілігіне сәйкес психологиялық сүйемелдеудің қолданылатын нысандардың, әдістердің сәйкестігі үшін жауапты болады.

1.6. Орталық білім алушыларды, жастарды, ата-аналарды, педагогтарды және барлық мүдделі тұлғаларды дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар, ғылыми-әдістемелік құралдар туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді.

 

  1. Орталық қызметінің мақсаттары мен міндеттері
    • Орталықтың мақсаты – дарынды оқушылар мен талантты жастардың ең көп санын анықтау; зияткерлік даярлық деңгейін арттыруға жәрдемдесу, олардың әлеуметтік жағдайы мен отбасының қаржылық мүмкіндіктеріне қарамастан балалар мен жастардың зияткерлік және тұлғалық әлеуетін іске асыру, кәсіби өзін-өзі анықтау және қалыптасуы үшін жағдайларды дамыту; дарынды балалар мен талантты жастарға арналған әлеуметтік лифт құру.

2.2.  Орталықтың негізгі міндеттері:

- дарынды балалар мен жастарды анықтау және психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу үшін жүйелі тәсілді әзірлеу;

- дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс істеу үшін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базаны құру;

- дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс бойынша желілік өзара іс-қимыл жүйесін және бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру;

- Қазақстан таланттарының жалпыұлттық бірыңғай тізілімін құру;

- аймақ пен ел аумағында дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс туралы электрондық деректер банкін құру;

- дарынды балалармен және талантты жастармен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әдістемелерді зерделеу, жүйелеу және іріктеу;

- дарынды балалармен және талантты жастармен жұмысты дамытуға және жетілдіруге бағытталған аймақтық және республикалық маңызы бар жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;

- дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс әдістерін меңгеруде педагогтарға көмек көрсету;

- олимпиадаларды, конкурстарды, тұрақты тренингтер, бейіндік ауысымдарды, лагерьлерді, соның ішінде дарынды балалар мен талантты жастарға арналған қашықтықтан шығармашылық шеберханаларды ұйымдастыру және өткізу;

- балалар мен жастарды ғылыми-зерттеу қызметіне, ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу, өздігінен білім алу дағдыларын дамыту;

- дарынды балаларды, талантты жастарды және олармен жұмыс істейтін педагогтарды атаулы қолдау тетігін құру;

- аймақ аумағында дарынды балалармен және талантты жастармен жұмысты жоспарлау, мониторингілеу және талдау жүйесін қалыптастыру;

- дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс істеудің оң тәжірибесін тарату;

- республикалық және халықаралық деңгейдегі жалпы білім беретін пәндер бойынша зияткерлік іс-шаралар өткізу (турнирлер, марафондар, конкурстар, ойындар, фестивальдар, ғылыми жарыстар мен олимпиадалар).

 

  1. Орталық қызметінің бағыттары

3.1. Ұйымдық-экономикалық қамтамасыз ету:

- дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс істеу үшін нормативтік, материалдық-техникалық, қаржы-экономикалық, ақпараттық, ғылыми-әдістемелік база құру;

- дарынды оқушы мен дарынды жастарды анықтауға, дамытуға және әлеуметтік бейімдеуге бағытталған жұмыстарды жүргізу;

 - өңірлерде дарынды балалармен және талантты жастармен жоспарлы іс-шаралар өткізу.

3.2.Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету:

- қызмет бағыты бойынша нормативтік - құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

-дарынды балалармен және талантты жастармен жұмысты реттейтін ақпараттық жинақтар, нормативтік-құқықтық актілер (соның ішінде электрондық) құру;

- дарынды балалармен және дарынды жастармен жұмысты құқықтық реттеу мәселелері бойынша ақпараттық семинарлар өткізу.

3.3. Анықтау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу:

- дарынды балалар мен талантты жастардың дамуын ерте анықтауға және қадағалауға бағытталған диагностикалық рәсімдер мен әдістер кешенін әзірлеу және сынақтан өткізу;

- олимпиадалар, конкурстар, фестивальдар, жарыстар өткізу арқылы дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау үшін жағдай жасау;

- дарынды балалар мен талантты жастарды психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламаларын әзірлеу және сынақтан өткізу;

-ата-аналар, педагогтар үшін әдістемелік және практикалық семинарлар, мастер-кластар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, лекторийлер және басқа да іс-шаралар өткізу;

- дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау мәселелері бойынша ата-аналарға, педагогтар мен барлық мүдделі тұлғаларға кеңес беру;

- орталықтың жұмысына жыл сайынғы мониторинг және талдау жүргізу;

3.4. Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және дамыту:

- әр түрлі формадағы сабақтар мен шығармашылық шеберханаларды әзірлеу, ұйымдастыру және өткізу;

- дарынды балалар мен талантты жастарға арналған іс-шараларды жоспарлау және өткізу;

- аймақтық, республикалық және халықаралық іс-шараларға дарынды балалар мен талантты жастардың қатысуын ұйымдастыру және қаржылық қолдау.

3.5. Дарынды балалар мен талантты жастарды тәрбиелеу және әлеуметтендіру, олардың қабілеті мен дарындылығын дамытуды қолдау:

- әлеуметтік және тәрбие жобаларын әзірлеу және іске асыру.

3.6. Педагогтардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету және жағдай жасау:

- педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;

- педагогтарға ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету;

- кәсіби тәжірибе алмасу үшін аймақтық, республикалық және халықаралық іс-шараларға педагогтардың қатысуын қолдау;

- оқушылардың жетістіктері бойынша педагогтарға сыйақы беру;

- дарынды балалармен жұмыстың озық тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату, соның ішінде:

1) дарынды балалармен және талантты жастармен педагогтардың озық жұмыс тәжірибесі туралы деректер банкін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің тәжірибесін және дарынды балалармен халықаралық жұмыс тәжірибесін зерделеу;

2) әдістемелік іс-шаралар, интернет-сайт, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жүйесі арқылы өңірлер арасында дарынды балалармен нәтижелі педагогикалық жұмыс тәжірибесін тарату.

3.7.  Ақпараттық және әдістемелік сүйемелдеу:

- дарынды балалар, талантты жастар және олардың педагогтары, қолданылатын бағдарламалар, технологиялар туралы біріккен деректер банкін құру;

- аймақтық, республикалық және халықаралық конкурстар туралы ақпараттық база құру;

- орталық сайтында "Дарынды балалар және талантты жастармен жұмыс" интернет-бетін жүргізу»;

- дарынды балаларға және талантты жастарға арналған олимпиадалар, конкурстар, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізу кезінде ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету;

- дарынды балалармен жұмыс тәжірибесінен әдістемелік ұсыныстар, материалдар жинақтарын дайындау және басып шығару.

 

  1. Орталықтың құқықтары

4.1. Орталықтың құқығы бар:

- Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс істеуге қатысты мәліметтерді сұрату:

1) жұмыстың осы бағытын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету туралы;

2) жоспарлы іс-шаралар және олардың орындалуы;

3) дарынды балалар мен талантты жастар туралы;

4) дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс бойынша әзірленетін және іске асырылатын білім беру жобалары мен бағдарламалары туралы;

5) дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтар туралы;

6) озық педагогикалық тәжірибе туралы;

7) дарынды балалармен жұмыс істеу мәселелері мен шешу жолдары туралы;

8) ресурстық көмекке қажеттілік туралы.

4.2. Дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс жөніндегі жобаларды, бағдарламаларды, әдістемелерді, диагностикалық құралдарды сынақтан өткізу туралы білім беру ұйымдарын және басқа да мүдделі органдарды ақпараттандыру, сондай-ақ оларды іске асыруға қатысу.

4.3. Аймақтағы дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс істеуге қатысты мәселелерді қарастыру.

 

  1. Орталықтың міндеттері

5.1. Аймақтың білім беру ұйымдарын дарынды балалармен және дарынды жастармен жұмыс барысындағы жаңа үрдістер, ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік әзірлемелер, дарынды балалармен жұмыс істеудің озық практикалық тәжірибесі туралы уақтылы хабардар ету.

5.2. Дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс істейтін өңір педагогтарын диагностикалық және ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

5.3. Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, дамыту және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін жүйелі тәсілді әзірлеу.

5.4. Балалар мен жастарды диагностикалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

5.5. Дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыс жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету.

5.6. Дарынды балалар мен талантты жастарға арналған конкурстар, олимпиадалар, шығармашылық шеберханалар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

5.7. Өңірлік, республикалық конкурстық және өзге де іс-шараларға дарынды балалар мен талантты жастардың қатысуын қаржылық қолдауды қамтамасыз ету.

5.8. Дарынды балалармен жұмыс бойынша аймақтың білім беру ұйымдарының желілік өзара іс-қимылын ұйымдастыру.

5.9. Дарынды балаларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру бойынша жобаларды әзірлеу және іске асыру.

5.10. Дарынды балалар мен талантты жастардың толыққанды дамуын қамтамасыз етуге байланысты негізгі мәселелерді шешуде білім алушыларға, олардың ата-аналарына ғылыми-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

5.11. Дарынды балаларды, талантты жастарды және педагогтарды атаулы қолдау тетігін әзірлеу.

5.12. Ата-аналарға дарынды балалар мен жастардың қабілеті мен дарындылығын дамытудың ықтимал траекториялары туралы түсіндіру.

 

  1. Орталықтың қызметін басқару және қаржыландыру
    • Орталықтың қызметіне жалпы басшылықты директор жүзеге асырады.
    • Орталықты қаржыландыру жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен қалыптастырылады.

 

  1. Орталықтың құжаттамасына кіреді:

- Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі Ереже;

- Жарғы;

- дарынды балалармен және талантты жастармен жұмыстың деректер банкі туралы Ереже;

- орталық базасында әзірленген жобалар мен бағдарламалар;

- жылдық жұмыс жоспары;

- орталықтың қызметі туралы аналитикалық анықтама;

- білім беру ұйымдарымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттар.

 

Дата публикации
05 октября 2020