Алматы облысының
білім басқармасының
2020 жылғы 04 наурыздағы
№ 172-н бұйрығымен бекітілген
«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер бөлімі туралы ереже
1.1. Мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер бөлімі «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
2.1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, мектепалды даярлық сыныптарының оқытылуы, қосымша білім беру, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды білім беру үрдісіне қосу, мектеп жанындағы интернаттық мекемелер жұмысын, жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындық, арнайы мамандардың және оқушылардың жазғы сауықтыру шараларын ұйымдастыруда нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің жұмысын үйлестіру.
2.3. Бөлім құзырындағы мәселелер бойынша облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімі шешім, өкімдерінің жобасын дайындауға, облыста білім беруді дамытудың бағдарламасы мен жоспарын жасауға қатысу.
2.4. Мектепке дейінгі, мектептен тыс және инклюзивті білім беру салаларын дамытуда мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесу жұмысы қызметін үйлестіру және бағыттау.
2.5. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті өткеруді ұйымдастыру, рәсімдеу.
2.6. Облыстың білім беру мекемелеріндегі кадр мәселесіне жетекшілік жасау.
2.7. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес білім мекемелерінің бірінші басшыларын тағайындау, жұмыстан босату, еңбек демалысы мен басқа да демалыстарын беруді, тәртіптік жауапкершілігі туралы бұйрықтарды рәсімдеу.
3.1. Дамуында кемістігі бар жасөспірім балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне байланысты ұсыныстар әзірлеу.
3.2. Бөлім құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша оқу-тәрбие үрдісіне оқу-әдістемелік көмек көрсету.
3.3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өз құзыреті шегінде кеңестік көмек көрсету, ұсыныстар әзірлеу.
3.4. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жиналыстарды, семинарларды, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, байқауларды және басқа іс-шараларды дайындау, өткізу.
3.5. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізу талдамалық анықтамалар дайындау, бөлімнің жұмысын жетілдіру бойынша білім басқармасының алқа мәжілісіне қарастыруға ұсыну.
3.6. Облыстық психологиялық-педагогикалық консультация, психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттер жұмысын үйлестіру.
3.7. Облыстық жалпы және арнайы мектеп-интернаттарының жұмысын үйлестіру.
3.8. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жүзеге асырылуына зерделеу жұмыстарын жүргізу.
3.9. Бөлім құзіретіне жататын мәселелер бойынша оң тәжірибені жалпылау және тарату.
3.10. Педагогикалық эксперимент өткізу үшін білім берудің жергілікті ұйымдарының келісімі бойынша аймақтарды, алаңдарды анықтау.
3.11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламент қызметіне қатысты өндеу, талдау жасайды, тоқсандық, жылдық есептерді жүргізу.
3.12. Заңнамамен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.
3.13. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес, облыстағы білім беру мекемелерінің азаматтық қызметшілерді және педагогикалық қызметкерлерді аттестациядан өткізу бойынша жұмыстар жүргізу.
3.14. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 13 бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметті көрсетуді жүзеге асыру.
3.15. облыс бойынша білім саласының кадр мәселесіне мониорингті жүзеге асыру.
4.1. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне білім беру саласы бойынша өзгертулер немесе толықтырулар енгізуге ұсыныстар жасауға.
4.2. Бөлім қызметін орындауға қажетті болып табылатын ақпараттарды органдардан, мекемелер, ұйымдардан сұратып алуға.
4.3. Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша шешімдер шығаруға қатысуға.