«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімі туралы ереже
1.1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімі «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республкасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің
міндеттері
2.1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында колледждер өмірінде мемлекеттік саясатты жүргізу, оларды дамытуды жоспарлау және саралау, барлық деңгейде кәсіптік білімдерді біріктіру жолымен үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде түрлі меншіктегі мекемелер мен кәсіпорындар үшін мамандар және жұмысшы кадрлар дайындауға мемлекеттік бағдарлама мен тапсырысты жүзеге асыру.
2.2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мемлекеттік стандарттарының сақталуын бақылау, нарықтық экономика талаптарына сәйкес болу үшін кәсіптік білім беру мазмұнын жаңартуға шаралар қолдану.
2.3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мекемелердің базасында жұмыстан босатылған жұмысшылардың, жұмыссыздардың есебінен кәсіптік дайындық, қайта даярлау және жұмысшы біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.
2.4. Қазіргі заманға сай оқыту технологиясы мен озық педагогикалық тәжірибені оқыту процесіне енгізу бойынша жұмыстар ұйымдастыру.
2.5. Оқу өндірістік қызметін дамыту бойынша кәсіптік оқыту үрдісінде білік пен дағдыны іс жүзінде нығайту үшін ақылы қызмет көрсету, түрлі өнімдер мен бұйымдарды өндірудің шараларын әзірлеу және жүзеге асыру.
2.6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде жұмыс кадрлар мен мамандар дайындауда оқыту үрдісін әдістемелік кадрлармен қамтамасыз ету.
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің
функциялары
3.1. Облыста техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жағдайын анықтауды жүзеге асыру.
3.2. Кәсіптік білімді жетілдіру бойынша нұсқаулық және нормативтік құжаттарды, басқарма шешімін, алқа шешімі жобасын, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады, мәліметтерді жинау және саралау, орындалуын бақылау арқылы дайындалған құжаттарды жүзеге асырады, жергілікті жерлерге бару арқылы білім мекемелеріне нақты көмек көрсетеді.
3.3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің оқу жоспарын қарап және саралап облыстық білім басқармасы басшысының бекітуіне енгізеді.
3.4. Кәсіптік білім беру мазмұнын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін қадағалайды, оқытудың жаңа технологиялық үрдісі негізіндегі нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіптік білім мазмұнын жаңартуға күш салады.
3.5. Өзіндік өндірістік кәсіпорындар құру, оқу шаруашылығы, техника мен құралдар, өндірістік алаңдарды тиімді қолдану есебінен колледждерде оқу-өндірістік қызметін дамыту бойынша жұмыстар жүргізеді.
3.6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары қызметін бағалау жүйесін қалыптастырады, оқу орындарында аттестация өткізуге практикалық көмек көрсетеді, колледждердің лицензиялық материалдарын дайындайды және лицензия беретін облыстық кеңеске ұсынады.
3.7. Жұмысшы кадрларды кәсіби дайындаудың өзекті мәселелер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін инженер-педгогикалық қызметкерлердің қатысуымен облыстық семинар-практикумдар, оқушылар мен өндірістік оқыту шеберлері арасында байқаулар, техникалық шығармашылық көрмелер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарының шеберханаларында және оқу шаруашылығында дайындалған өнімдерден көрмелер ұйымдастырады.
3.8. Республикалық «Өрлеу» Ұлттық біліктілігін арттыру орталығымен, облыстық әдістемелік кабинетімен бірлесе отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарындағы басшы және инженер-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруды жоспарлайды және жүзеге асырады.
3.9. Облыстық әдістемелік кабинетімен бірлесе отырып кәсіптік дайындық саласына қатысты озық педагогикалық тәжіриебелерді зерделейді, талқылайды және таратады.
3.10. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мекемелерінде жұмыссыздардың қайта даярлау және біліктіліктерін жоғарылату үшін әдістемелік көмек көрсетіледі.
3.11.Білім алушылардың кәсіптік іс-тәжірибе және оқу шеберханасында білім алған кезінде оқу мекемелерінің басшылары «Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік, өнеркәсіптік санитария мен кәсіптік гигиена туралы» Заңының орындалуын бақылауға алады.
3.12. Білім алушыларды қабылдау және бітіру жоспарының жобасын дайындайды, бітірушілердің жұмысқа орналасуына бақылау жасайды, оқушылар контингентіне есеп жүргізеді, жастар арасында кәсіптік бағдар бойынша іс-шаралар өткізеді.
3.13. Мамандар мен жұмысшылардың кәсіби дайындығының өндіріс нарығы талабына сәйкестігін қамтамасыз етеді, өндірістік оқыту, сондай-ақ жалпы және арнайы пәндердің жүргізілу барысына басшылық жасайды.
3.14. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мекемелерге тексеру жүргізеді және білім алушылардың білімі мен тәрбие сапасына, оқу жоспары мен бағдарламаның орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
3.15. Ауылшаруашылық техникалары мен қондырғыларын және автомашиналарды дұрыс пайдалануға бақылау жасайды және белгіленген тәртіпте ескірген техникалар мен қондырғылардың жарамсыздығын анықтауға қатысады.
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің
құқықтары
4.1. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне білім беру саласы бойынша өзгертулер немесе толықтырулар енгізуге ұсыныстар жасауға.
4.2. Бөлім қызметін орындауға қажетті болып табылатын ақпараттарды органдардан, мекемелер, ұйымдардан сұратып алуға.
4.3. Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша шешімдер шығаруға қатысуға.