Күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің ережесі

    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

    1.1. Осы ереже облыс әкімімен бекітілген облыстық білім басқармасы аппаратының штаттық кестесі негізінде және Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 471 қаулысы негізінде әзірленді.

    1.2. Күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімі облыстық білім басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады және басқарма басшысы мен басқарма басшысының үйлестіруші орынбасарына бағынады

    1.3. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар Жарлығын, «Мемлекеттік қызмет туралы», облыс әкімінің өкімдер мен шешімдерін, Алматы облысы білім басқармасының Ережесін және басқа да заңнамалармен білім туралы нормативтік актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

    1.4. Бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін бөлуді басқарма басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес бөлім басшысы жүзеге асырады.

    1.5. Ішкі есеп үлгісі және ақпараттарды беру форматы басқарма басшысының үйлестіруші орынбасарымен бекітіледі.

    1. МІНДЕТТЕРІ

    2.1. Күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу саласында облыстағы білім мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу, оларды дамытуды жоспарлау және саралау, бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде түрлі меншіктегі мекемелер мен кәсіпорындар үшін мамандар және жұмысшы кадрлар дайындауға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізу.

    2.2. Күрделі жөндеу жұмыстары үшін бөлінген қаржыны қадағалау және бақылау, мемлекеттік сатып алу заңдарының орындалуын қадағалау.

    2.3. Жаңа оқу жылына, күзгі-қысқы дайындыққа облыстық бюджеттегі білім мекемелерінің дайындығын бақылауды жүзеге асыру.

    2.4. Облыстық бюджеттегі білім беру мекемелеріндегі жауапты жұмысшылармен бірге отынға сұраныс беру, жылу жүйелерін жөндеу жөнінде білім беру объектілерін отынмен қамтамасыз ететін ұйымдармен тығыз байланыста болуды іске асыру.

    2.5. Күрделі жөндеу және  мемлекеттік сатып алу құқықтық мазмұндағы құжаттарды дайындауды жүзеге асыру.

    2.6. Келісім–шарт, қаржылық және материалдық-техникалық базаны нығайту жоспарының іс-шараларын дайындауға және өткізуге қатысу.

    1. ҚҰРЫЛЫМЫ

    3.1. Бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі облыс әкімімен бекітіледі.

    1. ФУНКЦИЯЛАРЫ

    4.1. Барлық жөндеу жұмыстарының уақытылы орындалу сапасын және оның бекітілген жобасының сметалық құжаттарына сәйкес екендігін, құрылыс нормасы мен ережелерін сақтаудың техникалық жағдайларын қадағалау.

    4.2. Облыстық білім басқармасының құрылым бөлімдері, облыстық әкімшілік құрылым бөлімдері, ҚР білім және ғылым министрлігінің жалпы, орта бастауыш және орта кәсіптік білім басқармасының облыстық бюджетте бар білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және күрделі жөндеу жұмыстары мен мемлекеттік сатып алу Заңының орындалуын қадағалау.

    4.3. Қатты және сұйық отынның кесімді шегін анықтап басқарма басшысының орынбасарымен келісе отырып облыстық білім басқармасы басшысының бекітуіне енгізеді.

    4.4. Облыстағы жалпы білім беретін мекемелердің күрделі жөндеуден өткізілетін титулдық тізімін анықтап басқарма басшысы орынбасарымен келісе отырып облыстық білім басқармасы басшысының бекітуіне енгізеді.

    4.5. Облыстағы жаңадан салынатын білім мекемелерінің тізімін жоспарлап, жүзеге асырылуын қадағалау.

    4.6. Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарын басқарма басшысының орынбасарымен келісе отырып облыстық білім басқармасы басшысының бекітуіне енгізеді.

    4.7. Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес конкурстардың құжаттарын дайындап, өткізілуін ұйымдастырады.

    1. ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТАРЫ

    5.1. Білім басқармасы аппараты барлық құрылымдармен бірлесе әрекет етеді.

             5.2. Мамандар және жұмысшы кадрлардың біліктілігін арттыратын және даярлайтын, қайта даярлайтын мәселелер бойынша оқу орталықтарымен, мекемелермен, басқармалармен бірлесе әрекет етеді.

Дата публикации
28 августа 2020