2020-2021 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысын бекіту туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағы 8) тармақшасына сәйкесАлматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2020-2021 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1 және 2 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2020-2021 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Байжұмановқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Баталов