Жоба 2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

ЖОБА

2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсіптік,

орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға

арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағы 8-3) тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.  

2. «Алматы облысының білім басқармасы», «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы», «Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемелері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

3. «Алматы облысының білім басқармасы», «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемелері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының орындалуын қамтамасыз етсін.  

4. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:  

1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;   

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.  

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары А. Абдуалиевқа жүктелсін.

6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

Дата публикации
19 июня 2020