2022 жылдың 6 мамырында білім басқармасының ұйымдастыруымен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім беру мекемелерінің басшыларымен «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында білім басқармасы басшысының м.а. Ж.Сүлейменова білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оқу жылының аяқталуына орай әртүрлі себептермен ақша жинауға жол бермеу, ақша жинау фактілерін болдырмау, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайту бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.