2022-2024 жылдарға арналған Алматы облысының білім басқармасының азаматтық бюджетінің негізгі көрсеткіштері туралы ақпарат, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары.
Алматы облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті Алматы облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №12-59 шешімімен бекітілген.
Облыстың білім басқармасының 2022 жылға арналған бюджеті 407 665,2 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде РБ-161 287,8 млн. теңге, ЖБ -126 409,2 млн. теңге, ҰҚ -212,9 млн. теңге, Субвенция -119 755,3 млн.теңге.
Алматы облысы білім басқармасының 2022 жылға бюджеті бірнеше нысаналы трансферттерден құралған:
ҚР Білім және ғылым министрлігі арқылы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың, мемлекеттік орта білім беру ұйымдардың, мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдардың педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға 106 972,5 млн.теңге.
- мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының, мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге 34 334,4 млн.теңге.
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс іс-шаралар үшін қосымша ақы төлеуге 1 173,5 млн.теңге.
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдардың медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді ұлғайтуға 521,5 млн.теңге.
- үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуге 4 142,8 млн.теңге.
- орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге 5 511,3 млн.теңге.
- мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының әдістемелік орталықтарының (кеңселерінің) әдіскерлеріне магистратура үшін қосымша ақы төлеуге 6,4 млн.теңге.
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға 335,8 млн.теңге.
- көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға 334,7 млн.теңге.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы
республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер
- азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 5 510,4 млн.теңге.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі арқылы республикалық бюджеттен және ұлттық қордан бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер
- "Ауыл-Ел бесігі"жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға 2 656,7 млн.теңге.
ҚР Қаржы министрлігі арқылы субвенция түрінде республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға 4 072,3 млн.теңге.
- ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстарыға 4 871,4 млн.теңге.
- мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында жалпы білім беруге 107 855,1 млн.теңге.
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 2 956,3 млн.теңге.
Алмасы облыстық білім басқармасына қарасты ведомстволық бағынысты ұйымдар:
- Мектепке дейінгі ұйымдар 1 392, оның ішінде мемлекеттік -189, жеке -897, шағын-орталықтар -306.
- Балаларға қосымша білім беру ұйымдары 40, оның ішінде мемлекеттік -35, жеке -5.
- Мемлекеттік мектептер саны 763.
- Колледждер 47, оның ішінде мемлекеттік -41, жеке -6.
- Интеллектісі бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттар -7.
- Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы-1.
- Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер -12.
- Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетері -22.
- Балалар үйілері -2.
- Ақпараттандыру, спорт орталықтары, оқу-әдістемелік, талантты жастарды анықтау орталықтары -4.
- Аудандық білім бөлімдері -20.