2021 жылғы IV тоқсан бойынша білім беру саласына қатысты
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Бүгінгі күні отбасы және балалар, мектепке дейінгі және орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру салаларында 34 мемлекеттік қызмет белгіленген.
Қазақстан Республикасы азаматтары білім беру саласына қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Электрондық үкіметтің» веб-порталы E-GOV, Мемлекеттік корпорациясы және білім беру ұйымдары арқылы , ҚР БҒМ-нің es.ias.kz порталы және Алматы облысы әкімдігінің ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің орталықтандырылған деректер базасы (Е-Жетісу) ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.
Білім басқармасы және басқармаға қарасты облыстық мекемелер, аудандық, қалалық білім бөлімдерімен 2021 жылдың IV тоқсанында 43 624 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Білім басқармасы мемлекеттік қызметтерді көрсетуде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады және өз құзыреті шегінде облыс жұртшылығына білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.
Бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын табуда.