Хабарландыру КОНКУРС

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды.

Пошталық мекен-жайы: индексі: 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 үй, 5 қабат, № 511 кабинет, телефон: 8 (7282) 60 04 41, электрондық адресі: k.nurpeisova@zhetysu.gov.kz.

 

  1. «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Ю.Гагарин атындағы №8 арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Гагарин көшесі, 31 үй.

Білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойлатын біліктілік талаптары:

"Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 213 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) сәйкес айқындалады.

Мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, облыстық немесе республикалық, немесе халықаралық олимпиадалардың, орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың жүлдегерлерін және жеңімпаздарын дайындаған жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде басшының орынбасары лауазымындағы; педагогтың жоғары біліктілік санатының, педагог – зерттеуші немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Мемлекеттік білім беретін ұйым басшысының лауазымдық міндеттері:

Білім беру ұйымының басшысының лауазымдық міндеттері білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бекітіледі.

Лауазымдық айлықақы мөлшері:

Лауазымдық жалақы мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 Қаулысына сәйкес белгіленеді.

Конкурс өткізу орны және күні:

Конкурс Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, №26 үй мекен-жайы бойынша өтеді.

Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орны:

Конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26 үй, 5 қабат, № 511 кабинет мекен-жайы бойынша қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар келесі құжаттарды тапсырады:

1) Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

Конкурстың өтетін күні мен уақыты құжат тапсырушы үміткерлерге хабарланатын болады. 

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған келесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды
Дата публикации
17 августа 2021