Об утверждении Типовых правил организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях образования

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес Алматы облысының білім басқармасы "Жаркент қаласының облыстық зерде  бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты" КММ Қамқоршылық кеңес құрамынан 2 мүшесінің шығуына байланысты, кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде Қамқоршылық кеңес құрамына өзгерістер енгізіледі.

Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің,коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері,қайырымдылық жасаушылар енгізіледі.

Осыған байланысты жоғарыда аталған ұйымның Қамқоршылық кеңестің құрамына енгізу туралы жазбаша ұсыныстарды 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық ресурстар порталына жіберуді сұраймыз. 

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
07 декабря 2020