Хабарландыру!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес Балқаш ауданының әкімі Азат Үкітайұлы Құтпанбетов халықпен кездесу өткізеді:
21 қазан 2026 жыл
Миялы ауылдық округі, Миялы ауылы, Мәдениет үйі, сағ.09:00
Бақбақты ауылдық округі, Бақбақты ауылы, Мәдениет үйі, сағ.10:30
Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы, Мәдениет үйі, сағ.12:00
Балқаш ауданы әкімдігі
Жоба
Балқаш ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес, Балқаш ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
|
Жаңа Конституция – Қазақстанның саяси-құқықтық жаңғыруының негізі
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – мемлекеттің конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қайта жүйелеуге бағытталған маңызды саяси-құқықтық құжат. Оның негізгі мақсаты – мемлекетті басқару тетіктерін жетілдірумен қатар, адам құқықтарын қорғау, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту және елдің ұзақ мерзімді дамуына қажетті қағидаттарды бекіту.
Конституцияда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені, оның унитарлық сипаты мен аумақтық тұтастығы сақталатыны айқындалған. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну қағидаты да бекітіліп, олардың арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін қалыптастыруға мән берілген.
Жаңа Конституциядағы басты өзгерістердің бірі – Парламенттің орнына жоғары өкілді және заң шығарушы орган ретінде Құрылтайдың енгізілуі. Құрылтай 145 депутаттан тұрады және бес жыл мерзімге сайланады.
Оның өкілеттіктері кеңейіп, заңдар қабылдау, республикалық бюджетті бекіту, Үкіметке сенімсіздік білдіру, бірқатар жоғары мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға келісім беру сияқты маңызды функциялар жүктеледі. Осы арқылы Құрылтайдың мемлекеттік билік жүйесіндегі рөлі күшейтіледі.
Президент институты да сақталып, оның мәртебесі мен өкілеттіктері нақтыланады. Президент жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бұл лауазымға бір реттен артық сайлана алмайды. Сонымен қатар Президенттің саяси партияда болуына тыйым салу және жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметтер мен квазимемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдарды атқаруына шектеу қою мемлекеттік басқарудағы мүдделер қақтығысының алдын алуға бағытталған.
Үкімет атқарушы биліктің негізгі органы ретінде сақталады. Оның Президентпен қатар Құрылтай алдында да жауапты болуы және Премьер-Министрді Президенттің Құрылтай келісімімен тағайындауы мемлекеттік басқарудағы өзара жауапкершілік пен парламенттік бақылаудың маңызын арттырады.
Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарына ерекше орын берілген. Адамның өмірі, қадір-қасиеті, жеке бас бостандығы, жеке өмірі, меншік, еңбек, білім алу, денсаулық сақтау, сөз және ар-ождан бостандығы сияқты негізгі құқықтар қорғалады.
Цифрлық дәуір талаптарына сәйкес дербес деректерді заңсыз жинау, өңдеу және пайдаланудан қорғау құқығының жеке көрсетілуі де маңызды жаңалықтардың бірі болып табылады.
Сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріліп, цензураға тыйым салынады.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда Конституциялық Соттың рөлі күшейтіледі. Азаматтарға өз құқықтарына тікелей қатысты нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш жасау мүмкіндігі беріледі. Сонымен бірге сот тәуелсіздігі, заңсыз алынған дәлелдемелерді пайдалануға жол бермеу және адамның кінәсіне қатысты күмәнді оның пайдасына түсіндіру сияқты құқықтық қағидаттар бекітіледі.
Жаңа Конституция әлеуметтік және экологиялық бағыттарды да қамтиды. Мемлекет әлеуметтік қамсыздандыруға, білім мен медициналық көмекке, еңбек құқықтарына және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға кепілдік беруге бағытталды. Білім, ғылым және инновация елдің стратегиялық дамуының маңызды негіздері ретінде танылады. Табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені белгіленіп, қоршаған ортаны қорғау мемлекетпен қатар азаматтардың да міндеті ретінде қарастырылды.
Сонымен бірге жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі артып, мәслихаттардың жергілікті бюджет пен әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне қатысуы көзделді. Әкімдерді қалыптастыру процесінде мәслихаттардың қатысуы жергілікті өкілді органдардың маңызын арттыруға бағытталған.
Қорытындылай келе, жаңа Конституция мемлекеттік институттардың құрылымын ғана өзгертіп қоймай, олардың арасындағы өкілеттік пен жауапкершілік жүйесін қайта қарауға бағытталған. Оның басты ерекшеліктері – Құрылтай институтын енгізу, Президент өкілеттіктерін жаңарту, Үкіметтің есептілігін күшейту, Конституциялық Соттың рөлін арттыру, адам құқықтарын қорғау тетіктерін кеңейту және жергілікті басқаруды дамыту.
Ербаев Күмісбек, журналист.
Хабарлама!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес Балқаш ауданының әкімі Азат Үкітайұлы Құтпанбетов халықпен кездесу өткізеді:
7 қазан 2026 жыл
Береке ауылдық округі, Береке ауылы, Мәдениет үйі, сағ.09:00
Ақдала ауылдық округі, Ақдала ауылы, Мәдениет үйі, сағ.11:00
Хабарландыру!
Құрметті аудан тұрғындары! 2026 жылы 25 қыркүйек сағат 09.00 де, Ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу және есепке алу, субсидиялар, АШТӨ, ГАЖ және т.б. үшін мемлекеттік қолдау жайында түсіндіру шарасы өтеді. Өтетін орны: Балқаш ауданы әкімдігінің ғимараты. Мекен-жайы: Бақанас ауылы, Д.Қонаев көшесі №64.
Балқаш ауданының ауыл
шаруашылығы бөлімі
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді
Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне қатысты статистиканы ұсынады.
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі. Неке қиюға деген белсенділік жаз мезгілінде артып, дәл осы кезеңде көптеген жұп отбасын құру туралы шешімін ресми түрде бекіткен.
«АХАТ функциялары 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері біздің қызметкерлер шамамен 400 мың неке тіркеп, 1 миллионнан астам туу туралы куәлік берді. Әрбір көрсетілген қызметтің артында азаматтардың өміріндегі маңызды оқиғалар тұр. Сондықтан біз қызмет көрсету үдерістерін жетілдіруге, цифрлық сервистерді дамытуға, мемлекеттік қызметтерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы, қолжетімді және сапалы етуге басымдық беріп келеміз»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Еліміздің барлық өңірінде шаңырақ көтеріп, жаңа отбасы құруға деген ұмтылыс жоғары. Дегенмен, неке қию көрсеткіші бойынша ірі қалалар мен халық тығыз орналасқан өңірлер алдыңғы қатарда. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, мұнда 12 344 неке қиылған. Екінші орында Астана қаласы тұр, онда 9 074 жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеген. Ал үшінші орында 5 611 неке қиылған Түркістан облысы тұр.
Биыл маусым айы неке қию көрсеткіші бойынша көш бастады. Осы кезеңде 15 мыңнан астам жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеді. Тамыз айында 11 761 жұп шаңырақ көтерсе, шілдеде бұл көрсеткіш 11 674-ті құрады. Жалпы, жаз айларында елімізде 38 мыңнан астам жұп отбасын құрды. Бұл 2026 жылдың сегіз айында қиылған некелердің жалпы санының жартысынан астамын құрайды.
Неке тіркеу – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі. Неке тіркеуге өтінішті тіркеуші органға тікелей жүгіну арқылы, электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.
Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2 және 4-тармақтарына сәйкес, 2026 жылғы 14 қыркуйек және 30 қыркуйек аралығында «Балқаш ауданы әкімдігі» мемлекеттік мекемесінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Ішкі талдаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, сондай-ақ оларды жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту бойынша шаралар әзірлеу.
Барлық мүдделі тұлғалар «Балқаш ауданы әкімдігі» мемлекеттік мекемесінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты ұсыныстары мен ескертулерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында қарастыру үшін жолдай алады.
Туындаған сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8 776 261 44 441