ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексіндегі 48-бабының 2-тармағына сәйкес салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі үш жылды құрайды.
Бұл ретте, аталған баптың 2-тармағына сәйкес Салық төлеушілердің:
1) Салық кодексіне сәйкес салық мониторингіне жатқызылған;
2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын санаттары үшін осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, талап қою мерзімі бес жылды құрайды.
Салық кодексі жобасының 1-бабының 51)-тармақшасына сәйкес салық төлеуші – салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.
Өз кезегінде, Салық кодексі жобасының 1-бабының 57)-тармақшасына сәйкес тұлға – жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылады.
Аталған нормаларға сәйкес, Салық кодексі жобасының 48-бабының 3-тармағында көзделмеген салық төлеушіліер үшін, оның ішінде жеке тұлғалармен қоса, талап қою мерзімі үш жылды құрайды.
Сонымен бірге, Салық кодексі жобасының 48-бабының күші қолданысқа енгізілуі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңымен (бұдан әрі - Заң) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылған.
Заңмен тоқтатылған уақыт аралығында, Салық кодексі жобасының 48-бабының редакциясы бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін, барлығына бірдей талап қою мерзімі бес жылды құрайтынын ескертеміз.
Балқаш ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
бөлім басшысы Н.Мадиев