Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық үшін қолайлы жағдайлар жасау және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында қазіргі таңда екі елдің кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар бойынша экспорттық декларациялардан алынатын мәліметтермен өзара алмасу жолға қойылған.
Салыстырып тексеру ісі фискальдық тәуекелдерді дер кезінде бағалауға көмектеседі және қазақстан-өзбек шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлардың кедендік құнын төмендетіп көрсетуді анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға, көліктердің жылдам өтуіне ықпал етеді.
Мемлекеттік кірістер комитеті, тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізе отырып, кедендік құнын төмендетіп көрстеу белгілері болған кезде, халықаралық сұраныстар, оның ішінде Өзбекстанға жібереді. Алынған жауаптардың арқасында тауарлардың кедендік құнын қасақана төмендетіп көрсетумен инвойстар мен экспорт декларацияларын алмастыру фактілері анықталды.
Өзбекстан Республикасымен өзара сауда айналымының көлемін және жолға қойылған өзара алмасуды ескере отырып, Комитет жосықсыз СЭҚҚ анықтау аясын кеңейтіп, көрші елдердің кедендік статистикасының деректерін салыстыру құралын пайдалануды одан әрі жалғастырады.
Балқаш ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
«салық төлеушілермен жұмыс жүргізу»
бөлімінің бас маманы С.Р.Сейтаева