
Ауылшаруашылығы саласы бойынша 2024-жылдың 12 айында ішкі жалпы өнім көлемі 41 млрд. 916,4 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,2%-ға орындалды.
Өнеркәсіп саласы бойынша 2024 жылдың 12 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 млрд. 396,8 млн. теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 %-ды құрады.
Инвестиция саласы бойынша 9 млрд. 012,7 млн. теңге негізгі капиталға инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 156,3%-ды құрады. (РБ – 414,1 млн.тг. МБ – 3394,2 млн.тг. Жеке қаражат – 1,7 млрд.тг.)
Бөлшек тауар айналымы 6 млрд. 246,8 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,2 %-ды құрады.
Ауданның негізгі бағыты егін және мал шаруашылығы.
Егін шаруашылығы бойынша 28 824,6 га жерге егіс егіліп, оның ішінде дәнді дақылдар – 12 841,7 га құраса (күріш – 6696,9 га, арпа-бидай – 6144,8 га), мал азықтық дақылдар – 15 464,2 га және 518,7 га бақша және көкөніс дақылдары құрады.
Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан арзандатылған (1196 тн сұраныс) 401,2 тонна дизель отыны берілді. Биылғы дала жұмыстарын жүргізуге 453,0 тонна дизель отынына сұраныс берілді.
2023-2024 жылдары 1 062,7 млн.теңгеге 56 дана техника алынып машина-трактор паркі 6%-ға жаңартылды. (Тозуы 49%) Қаңтар айында 2 дана трактор 25,1 млн. теңгеге алынды.
Мал шаруашылығында өндірілген тірі салмақта ет 15 135,0 тоннаны құрап нақты көлем индексі 105,4 %-ды, 13 420,5 тонна сүт өндіріліп нақты көлем индексі 114,8%-ды құрады. («Динара Ранч» ЖШС – 9125 тонна сүт жылына)
Барлық ірі-қара малы 105 841 басты құрап 145,6%-ға, жылқы 30 063 басты құрап 161,2%-ға, қой-ешкі 98 541 басты құрап 140,5%-ға орындалды.
Мал қыстату науқанын сапалы жүргізу мақсатында аудан бойынша барлығы 160,9 мың тонна мал азығы дайындалып, науқан өз деңгейінде жүргізілуде.
(160 900 тн.жоңышқа, 43 300 тн. пішендеме, 33200 тн сабан, 41 800 тн жем, 85 100 тн сүрлем).
«Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 2023 жылы 133 тұрғын 964,4 млн. теңге несие алып өз кәсіптерін жүргізуде.
Ал, 2024 жылы 144 жоба 1 082,0 млн. теңгеге құжаттары рәсімделіп «Қонаев» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жолданып, бүгінге 36 жобаға 238,7 млн. теңге берілді.
Аудан көлемінде пайдаланылмай жатқан 133 493,4 га жер учаскелері анықталып, оның ішінде 34 жер пайдаланушының 19 820,1 га жер учаскесі мемлекеттік жер қоры есебіне қайтарылды. (14,8%)
Жер ресурстарын басқару департаментіне салық мөлшемелерін 20 есеге ұлғайту үшін 106 074,9 га жерді құрайтын 52 субъектінің құжаттары жолданды