
Аудан халқына 1 орталық аурухана, 5 дəрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік пункт, 8 медициналық пункт қызмет көрсетеді. (Төсек саны 130, он мың тұрғынға шаққанда 53,1 төсек.)
Скриннингтік және профилактикалық тексеруден 9 018 адам тексерілді.
2024 жылы ауданға 5 дәрігер тартылды. (офтальмолог, стоматолог, анестезиолог-реаниматолог, ЖТД, кардиолог).
Бақанас ауылындағы орталық аурухана, жұқпалы аурулар бөлімі және Бақбақты ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға 47 млн 564 мың теңгеге көгілдір отын қазандықтары орнатылып, іске қосылды.
Ақдала ауылының фельдшерлік-акушерлік пункті ғимаратының құрылысы аяқталып пайдалануға берілсе, Миялы, Көкжиде ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункті ғимараттарының, Бура ауылында медициналық пункттің және Қарой ауылының дәрігерлік амбулаториясының құрылыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы аяқталып пайдалануға берілетін болады.