
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2,4 баптарына сәйкес, 2025 жылдың 17-24 ақпаны аралығында Балқаш ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізіледі:
- Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызатын мәселелер бойынша +7 700 272 3812 телефонына хабарласа аласыздар Сарсенбаева Гульпанар Балқаш аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы