«Қоғамдық қауіпсіздік бейнебақылау жүйесі» іске қосылуда.

«Қоғамдық қауіпсіздік бейнебақылау жүйесі» іске қосылуда.

Алматы облысының полиция департаменті мен облыстық цифрландыру басқармасының қолдауымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында Бақанас ауылында «Қоғамдық қауіпсіздік бейнебақылау жүйесі» іске қосылуда.
Бейнебақылау камералары ауылдағы қауіпсіздікті арттырып, құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және оларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.
Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытында атқарылып жатқан бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Жалпы Балқаш ауданы бойынша 700 бейнебақылау жүйелері және 13 сергек орнатылады.