
Бүгін Балқаш ауданы әкімі А.Құтпанбетовтың төрағалығымен Балқаш ауданының егін шаруашылықтарымен көктемгі-дала жұмыстарына дайындықтары туралы жиналыс өтті. Жиынға Алматы облысының Ауыл Шаруашылығы басқармасы басшысы Қ.Чункунов, «Аграрлық несие корпорациясы» өкілі Н.Әлібаев, «РЦРАО» аппарат басшысы О.Келден қатысты. Жиын барысында көктемгі дала жұмыстарын жоспарлау, су мәселесі, жер мәселесі, жаңбырлатып-тамшылатып суғару бойынша «Аграрлық несие» арқылы жеңілдетілген пайызбен егін шаруашылығына берілетін несие жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жаңбырлатып-тамшылатып суғару технологиясын пайдалану және егін өнімділігін ұлғайтуға бағытталған шаралар жөнінде мәселелер талқыланып қаралды. Жиын соңында жауапты қызметкерлерге тапсырмалар берілді.