Бүгін Балқаш ауданының әкімі А.Құтпанбетов чемпионды арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Бүгін Балқаш ауданының әкімі А.Құтпанбетов чемпионды арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтап, құрмет көрсетті.

2025 жылдың 31 қаңтар – 5 ақпан күндері Өзбекстанның Ташкент қаласында қол күресінен өткен Әлем кубогінде Балқаш ауданының намысын қорғаған Аяулым Эльдарқызы Хасанова топ жарып, жеңімпаз атанды. Бұл – тек спортшының ғана емес, бүкіл еліміздің, ауданымыздың зор жетістігі.

Аяулымның бұл жеңісіне оның жаттықтырушысы Бекмұратов Самат Нұрмұханұлының қосқан үлесі орасан. Тынбай еңбектенудің, жүйелі жаттығулардың нәтижесінде спортшымыз осындай биік белесті бағындырды.

Бүгін Балқаш ауданының әкімі А.Құтпанбетов чемпионды арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтап, құрмет көрсетті. Ол өз сөзінде Аяулымның бұл жетістігі жас спортшыларға үлгі болып, ауданымыздың спорт саласының дамуына үлкен серпін беретінін атап өтті.

Спортшы қызымызға алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!