
Қасиетті де ұлы мерекеміз ел
Тәуелсіздігі күні қарсаңында аудан орталығында қуанышты шараның куәсі болдық. Аудан орталығы Бақанас ауылында бой көтерген 5 қабатты 40 пәтерлі тұрғын үйдің ашылу салтанаты өтті. Нысанның құрылысы 2022 жылы Мердігер "Бауыр Құрылыс Компания" ЖШС-мен басталған болатын. Ізгі шараны аудан әкімі А.Құтпанбетов ашып, жиналған қауымды тарихи маңызы, құндылығы зор Тәуелсіздік күнімен құттықтап, баспаналы болған тұрғындарға ақ тілегін білдірді. Бұдан кейін баспана иелеріне тұрғын үй кілттерін табыстады. Қуанышты сәтке аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Сқабаев ақ батасын берсе, әжелеріміз бәрі тәтті болсын деген ниетпен тәттіден шашу шашты. Баспаналы болған тұрғындар да аудан басшылығына, құрылыс жұмысын жүргізген Мердігер мекемеге де ақ тілектерін білдіріп, бұдан кейін салтанатты түрде лентасы қиылды. Ауданымызда осындай ізгі шаралар әлі де жалғасын табады.