
https://www.instagram.com/reel/DEpvB0YtlKH/?igsh=eTQ2ZHphNzBrYTYw
Балқаш ауданында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күні аталып өтті!
Осы орайда аты аңызға айналған атамыздың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым еттік. Шараға зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
113 жылдыққа арналған шара мәдениет үйінде жалғасып, «Заманның заңғар тұлғасы» атты концерт ұйымдастырылды.
Концертке «Бақанас» театры қойылым қойып, күйші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбеков қатысып, «Үшқоңыр» этно-фольклорлық ансамблі мен аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашты.