Құрылыс саласы бойынша

Құрылыс саласы бойынша

Құрылыс саласы бойынша

Бақанас ауылында 5 қабатты 40 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй құрылысы жұмысы (865,7 млн) және Жастарға қызмет көрсету орталығының (228,8 млн) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстардың 95 % аяқталды. Құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталып, қолданысқа беру жоспарлануда.

Аудан бойынша 2024 жылға әлеуметтік осал топтарға тұрғын үйлер сатып алу үшін Республикалық бюджеттен 85,7 млн. теңге және облигациялық қарыздар есебінен «Самұрық Қазына» АҚ-нан 1 308,6 млн.теңге бөлінген болатын. Осыған байланысты Бақанас ауылынан 3,5 га жер көлемі «Жібек жолы құрылыс 1978» ЖШС-не тұрғын үй құрылысын жүргізуге берілді. Қазіргі уақытта құрылыс алаңын қоршау жұмыстары жасалуда.          

Сонымен қатар, Ақжар және Жиделі ауылдарының мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 75% орындалды.

(Екі нысан жұмыстарының аяқталу мерзімі биылғы жылдың қазан-қараша айлары)

Ақжар ауылдық клубының шатыры жабылып, ішкі қабырғаларын левкастау, бетонды еден төсенішін құйю жұмыстары аяқталды. Төбелерге арналған армстронгтарды салу жұмыстары жүргізілуде және осы аптада сыртқы қабырғаларына қасбет жұмыстары жүргізіледі.

Жиделі ауылдық клубының ішін сылау және ішкі екі баспалдақтарын салу, су құбыры, электрмен жабдықтау жұмыстары аяқталды. Нысанның ауласын қоршау жұмыстары жалғасуда. Бетонды еден төсенішін құю жұмыстары, терезелерін салу жұмыстар басталды.

Миялы ауылында күніне 15 адамды қабылдауға арналған ФАП құрылысы жүргізілуде.

Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстарының 35% орындалды.

Сонымен қатар Көкжиде ауылында ФАП құрылысының және Бура ауылында МП құрылысының мердігерлері анықталып, құрылыс жұмыстары осы қыркүйек айында басталатын болады.