Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласында

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласында

Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласында

Бүгінгі таңға Желтораңғы ауылына 416,5 млн. теңгеге және Ақкөл ауылына 596,0 млн теңгеге ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда ағымдағы жылға 200,0 млн. теңгесі қаралып игерілді. Екі жобаның құрылысының аяқталуына барлығы 842,6 млн. теңге қажет.

 

Табиғи газ желісіне бүгінгі күнге барлығы 694 үй қосылды. Бақанас ауылында  447 тұрғын үй, Бақбақтыда 155 үй, Миялыда 48 үй, Бірлікте 44 үй,  Бояулы ауылы газға қосылуға дайын.

 

Жылыту маусымына дайындық мақсатында аудан бойынша әлеуметтік нысан, әкімшілік және де бюджеттік нысандарға 1 353 653 литр сұйық отын қажет. Бүгінгі күнде 1 030 767 литр (76,15%) жеткізілді.

(Білімі саласы бойынша лимит 920 520 литр. Келгені 857 656 литр 93,17%;

Денсаулық саласы бойынша лимит 35 628 литр; Келгені 20 000 литр 70,67%;

Мәдениет саласы бойынша лимит 193 342 литр; Келгені 104 231 литр 53,91%;

Әлеуметтік, әкімшілік және бюджеттік сала бойынша лимит  204 163 литр. Келгені 48 880 литр 23,9%;)

Жеке сектор бойынша аудан тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында 8000 тонна қатты отын жоспарланған. Бүгінде «Есембаева» ЖК арқылы 90 тн шұбаркөл көмірі жеткізілді.(1тн – 29500тг)