Жастарға арналған «Дипломмен ауылға» жобасы туралы ақпарат

Жастарға арналған «Дипломмен ауылға» жобасы туралы ақпарат

Сәлем, достар!💐

Бүгін сіздерге жастарға арналған «Дипломмен ауылға» жобасы туралы ақпарат береміз.⬇️⬇️⬇️
Бұл бағдарлама ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға ниет етіп келген мамандарды ынталандыруға арналған.
Жобаға кімдер қатыса алады? 👥
- денсаулық сақтау;
- білім беру;
- әлеуметтік қамсыздандыру;
- мәдениет және спорт;
-агроөнеркәсіптік кешені бойынша дипломы бар мамандарға қолжетімді.
Қандай құжаттар қажет?📚
- үлгі бойынша өтініш;
- жекебасты растайтын құжат;
- еңбек кітапшасы;
- білімі туралы дипломы;
- тұрғылықты жері туралы мекенжай анықтамасы.
Қайда жүгіну керек?📍
- Тұрғылықты мекенжайы бойынша мансап орталығына немесе білім бөліміне жүгіну керек.

✅ Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіш бойынша бюджеттік несие беріледі. Несие мерзімі – 15 жыл, сыйақы мөлшерлемесі – 0,01%. Қайтарымсыз көтерме жәрдемақы мөлшері 100 АЕК (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК – 3 692 теңге) жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.