
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
бойынша атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат
11.06.2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша әр бейсенбі күні аудан көлеміндегі барлық 15 ауылдық округтерде тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді.
Өткен аптада 15 ауылдық Іле өзенінің жағалауына, 3 ауыл маңайындағы су арнасына, 23 шақырым арыққа тазалық жұмыстары жасалды. Сенбілік барысында 10 саябақ, 1 скверде 491 ағаш көшетері суғарылып, 200 гүлзар тазаланды.
4 тонна күл-қоқыстар мен күнделікті қолданылатын тұрмыстық қалдық заттар арнайы бөлінген 9 техника арқылы күл-қоқыс төгетін орындарға шығарылды. Экологиялық акцияға барлығы 2300-ге жуық адам қатысты.