«Таза Қазақстан» эко акциясы бойынша Балқаш ауданында атқарылған жұмыстар

«Таза Қазақстан» эко акциясы бойынша  Балқаш ауданында атқарылған жұмыстар

«Таза Қазақстан» эко акциясы бойынша

Балқаш ауданында атқарылған жұмыстар

 

Балқаш ауданында «Таза Қазақстан» желілік кестесіне сәйкес барлығы - 402 шара жоспарланып, оған қамтылған адам саны - 19 718.

08-14 сәуір аралығында «Таза өлке» апталығында 65 тазалық шаралары өткізіліп, оған 5076 адам қатысты.  28 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, ауыл аймақтары, көше бойлары, мекеме аумақтарына, жол бойларына сенбілік жұмыстары жүргізілді. 

«Киелі мекен» апталығында тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын аббаттандыру жұмыстарын жүргізу бойынша  15-21 сәуір аралығында 24 шара өткізіліп, оған 1077 адам қамтылды, 3,6 тонна жуық қоқыстар шығарылды.

 21-27 сәуір аралығында өткен «Жасыл аймақ» апталығында 72 шара өткізіліп, 4167 адам қамтылды, 370 ағаш, 180 бұта, 1760 гүл көшеттері отырғызылды. 

28 сәуір 04 мамыр аралығында «Өнегелі ұрпақ» дейтін төртінші аптада ардагерлер мен қарттардың аулаларын тазарту көзделіп, 105 шара өткізіліп, 910 адам қамтылды.

 05-11 мамыр аралығында «Мөлдір бұлақ» бесінші аптасында өзен-бұлақтардың арнасы қоқыстан тазартылды, 84 шара ұйымдастырылып, 2879 адам тартылды.