
7 желтоқсан Аудандық мәдениет үйінде "Туған күніңізбен Анашым" атты қойылымның премьерасы көрсетілді.
🔺Үш ағайынды. Үш түрлі тағдыр. Бөлек жол. Олардың өмірлік көзқарастары да, мақсат-мүдделері де қабыспайды. Араларында жиі шиеленіс туындайды. Бірақ оларды біріктіретін жалғыз ғана құндылык бар, ол - жалғыз аналарына деген шексіз махаббаттары. Ағалы-інілі үшеуі аналарының туған күнінде бас қосты. Өзара ақша қосып, бағалы сыйлық алып қойған. "Мамамызға ұнаса болды" деп, туған күн иесінің жұмыстан оралғанын тағатсыз күтіп отыр.
Өкінішке қарай, бұл үміттері де қайырсыз болып шықты.