
2023 жылдың желтоқсан айының 4 күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында ауылдық округі әкімі аппараты, аудандық бөлімдердің қызметкерлері арасында азаматтарды коммуникациялардың ресми арналары арқылы жүгінуге ынталандыру бойынша оқыту семинар өткізілді.Онда халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік органның ашық болу деңгейі мен халықтың шағымдары мен өтініштерін мерзімінде қарап, тиісті шаралар қабылдау туралы түсініктер берілді.
Бақанас аграрлық индустриялық колледж студенттері және оқытушылары арасында «Ресми тәртіпте өтініш жасау-мемлекеттік органмен бірге проблемалық мәселені шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында семинар өткізіліп, онда ресми тәртіпте өтініш жасау мелекеттік органмен бірге проблемалық мәселені шешу жолдары жөнінде түсініктер берілді.