
Балқаш ауданының ішкі саясат бөлімі мен «Ақжүніс» әйелдер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 21-22 қараша күндері Желтораңғы, Бақбақты ауылдық округтерінде «Ұлттық тәрбие мен жаһандану» - тақырыбында қоғамдық ұйымдармен кездесу өткізілді. Аталған кездесуге, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары, аналар кеңесінің төрайымдары, жастар жетекшілері қатысты. Кездесу еркін форматта жүргізілді.
Кездесу барысында аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, ауданның құрметті азаматы Б.Сқабаев «Ата ұлағаты ұрпаққа аманат», аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ауданның құрметті азаматы Ғ.Әліпбаева «Аналардың қоғамдағы рөлі», Қазақстанның құрметті азаматы, Әлем Халықтары Жазушыларының мүшесі, өлкетанушы З.Демеуқұлова «Тәрбие - ұлт пен мемлекеттің болашағын айқындайды», көпбалалы ана Ғ.Жусупова «Ата-ана баланың бас ұстазы» - тақырыптарында баяндамалар оқыды. Қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді.