SalyqBot

SalyqBot

«SalyqBot» 

Мемлекеттік кірістер органдарының IT саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған стратегиясының 2021 жылға арналған операциялық іс-шаралар жоспарының 4-тармағын орындау мақсатында 2021 жылғы 31 тамыздағы «ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызметтер департаментінің «Байланыс орталығы» басқармасының қызметін трансформациялау стратегиясын бекіту туралы»  ҚР ҚМ МКК Төрағасының 02.12.2021 жылғы № 763 бұйрығы әзірленіп, бекітілді.

         Байланыс орталығын трансформациялау кезеңдерінің бірі Telegram-да Чат-ботты (бұдан әрі – Чат-бот) енгізу болып табылады.

Осылайша, халыққа салық және кеден мәселелерін түсіндіру, хабардар болуын жақсарту және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 1 наурыздан бастап @«SalyqBot» сілтемесі бойынша  (https://t.me/salyqbot тікелей сілтеме бойынша)  Telegram-да Чат-ботты  іске қосты (бұдан әрі -«SalyqBot»).

«SalyqBot»  - цифрлық салық консультанты байланыс орталықтарына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген деректер базасына иелік етеді, бұл пайдаланушыға салық және кеден заңнамасы бойынша қойылған сұрақтарға жедел жауап алуға мүмкіндік береді, пайдалы функцияларымен қатар оператордың қатысуынсыз:

- пайдаланушыға салық берешегінің жоқтығы (бар) туралы ақпарат беру;

- салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен есептелетін өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;

- қажетті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;

- жеке немесе заңды тұлғаның пайдаланушысының қызығушылық танытуына байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;

- пайдаланушыларға МКК-не  қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар бойынша ақпарат береді;

- заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.

Пайдаланушының берілген жауап деңгейін ұдайы бағалауына, сондай-ақ сұрақ қоюына, өтінішті-тілек, ұсыныстар немесе тікелей «SalyqBot»  операторына қосылуына мүмкіндігі бар.